«Ол қатты жылады»: Қайрат Нұртастың әйелі желіде жазба жариялады

/
«Ол қатты жылады»: Қайрат Нұртастың әйелі желіде жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

Актриса садақ пен жебемен түскен ерекше суреттерін жариялап, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазақстандық актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында әсерлі пост жариялап, желідегі оқырмандарын ойландырып қойды. Ол садақ пен жебені қолына ұстап тұрған фотосуреттерін жариялап, өз ішкі күйін өлең жолдарымен жеткізген.

Актриса жариялаған суреттерде батыл, өзіне сенімді әйелдің бейнесі көрініс табады. Ашық аспан астында садағын көкке кезеген Жұлдыз бұл образ арқылы өзінің ішкі жаңғыруын, рухани серпілісін білдіргендей.

Жұлдыз бұл постқа Әзербайжан ақын қызы Шахназ Сайынның мынадай жолдарын тіркеген:

«Ол қатты жылады,

Сосын жай тұрып,

Бүкіл уайым-қайғыны қиратты.

Әйел — күлден қайта тірілген феникс.

Өзін қайта жинап алған — әйел».

Бұл жолдар көп ананың, әйелдің ішкі жан-дүниесін дөп басқандай әсер етті. Көптеген қолданушылар жазбаның астына пікір қалдырып, актрисаға қолдау білдірді.

Желіде қызу талқыланды

Пост астында Жұлдыздың өмірлік тәжірибесіне, сабырлылығы мен мықтылығына тәнті болған пікірлер көп. Оқырмандар оның рухани өсуін жоғары бағалап, әйел болмысының шынайы бейнесін көргенін жазды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары