Синоптиктер ертең, 19 мамырда Қазақстанның көп бөлігі жауынды болатынын ескертті. Ескерту "Қазгидрометтің" ресми сайтынжа жарияланды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда түнде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, орталығында жағары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Алматыда кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Таразда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 19 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс), оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Атырауда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
19 мамырда Ақмола облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысында түнде найзағай, облыстың солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодарда түнде найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
18-19 мамыр аралығында Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау және тау етегіндегі аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан кейбір аумақтарда су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.