Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты

/
Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты
istockphoto

Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Mitsubishi Pajero жеңіл көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жол апаты бүгін, 18 мамырда сағат 17:35-те Матай стансасындағы темір жол өткелінде болған", - деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Қазір жүргізушінің жеке басы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары