Әуежайдағы қайғылы жағдай: зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

/
Әуежайдағы қайғылы жағдай: зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды
Фото instagram.com/pro_astanu/

SCAT әуе компаниясы Египет әуежайында үстеріне жарнама тақтасы құлағана қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді.

"Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Олар қазір қонақ үйде жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Әуе компаниясы зардап шеккендерге көңіл айтып, компания Шарм-эль-Шейх әуежайымен және туроператорлармен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі қаза тапқан бір әйелден бөлек тек екі азамат жеңіл жарақат алғанын хабарлаған.

Еске салайық, бүгін Египетте қазақстандықтарға жарнама тақтасы құлап, бір адам оқиға орнында көз жұмды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары