Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр

/
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Видеодан скриншот

Семей қаласынан 12 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қатты жел салдарынан өрт құрғақ шөпке тараған.

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын сөндіріп, қазіргі уақытта алдын ала 2 гектар аумақта қоқыс сөндірумен айналысып жатыр. Оқиға орнында, жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары