2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 29,3 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт – 16,4 млрд доллар, импорт – 12, 9 млрд доллар.
2025 жылғы үш айда экспорт бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі:
битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (52,3%); тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%);
мыс кендері мен концентраттары (4%);
ферроқорытпалар (3,3%);
бидай және меслин (2,3%).
Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмақ келесі тауарларға тиесілі:
жеңіл автомобильдер (3,9%);
дәрілік заттар (3,1%);
моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (2,9%);
телефон аппараттары (2,3%);
моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары (2,2%).
Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (25,2%), Қытай (15,1%), Ресей (9,8%), Нидерланд (6,4%), Түркия (5,1%), Өзбекстан (4,7%).
Ал импорт бойынша негізгі әріптес елдері: Ресей (29,1%), Қытай (26,8%), Корея Республикасы (4,4%), Германия (4,2%), АҚШ (3%), Түркия (2,7%) мемлекеттері.