Шымкентте шала туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

/
Шымкентте шала туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды
Фото: ДСМ

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын 45 күндік сәбиге ашық артериялық өзекке күрделі жүрек отасы сәтті жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сәби жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келген. Дәрігерлер оны наурыз айының басында жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөліміне жеткізді. Туған кездегі салмағы – небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр. Мамандар оның денсаулығын тексеріп, бірнеше ауыр диагноз қойған:

Ашық артериялық өзек (туа біткен жүрек ақауы)

«Нәрестенің жағдайы өте ауыр болды. Сол себепті бірден өкпенің жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді. Қайта-қайта кардиохирургтермен кеңесіп, баланың салмағы 1 келіге жеткен кезде жүрекке ота жасау туралы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

45 күн бұрын дүниеге келген балаға жасалған операцияны қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов, перинаталдық орталықтың анестезиолог-реаниматологы Ақжол Абдраимов жүргізді.

Ота сәтті аяқталды. Қазір баланың жағдайы – тұрақты ауыр, ол неонаталды жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары