Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

/
Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға арналған аудандық оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл орталық «Қазақстан халқына» қорының «QH Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық жобасы аясында пайдалануға берілді.

Шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.

Орталық Шалқар аудандық ауруханасының базасында Ө.Сейітов көшесі №33 мекенжайында орналасқан. Жылына Шалқар, Ырғыз және Байғанин аудандарының ауылдық жерлерінде тұратын 600 балаға дейін қолжетімді және сапалы оңалту қызметін ұсына алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары