Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы финалдық кезеңге шықты

/
Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы финалдық кезеңге шықты

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы (командалық әлем чемпионаты) Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде финалдық кезеңге өткен алғашқы құрама анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістаннан айласын асырды. Екі сағатқа созылған бірінші ойында Еркежан Жаңатаева камбэк жасап, Мундхе Арунды тізе бүктірді. Есеп – 6:7 (3:7), 6:4, 6:3. Ал Ева Корышева Аахан Ааханға еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп – 6:1, 6:1. Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы қараша айында Чилиде өтетін финалдық кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды. 

Бұдан бұрын 2023 жылы қазақстандық жасөспірім қыздар Испанияның Севилья қаласында өткен финалдық турнирде 9-орынға ие болған еді.

Жартылай финалда Ярослава Шведованың шәкірттері 16 мамырда Қытайлық Тайбэй командасымен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары