Қазақстандық блогер бие сауып келгенше баласын байлап кетіп отырған (ВИДЕО)

/
Қазақстандық блогер бие сауып келгенше баласын байлап кетіп отырған (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желілерде блогер Динара Ахметованың бие сауып жүргенде баласын уақытша байлап кететіні туралы бейнежазбасы таралып, қоғамдық пікір тудырды, деп жазды turkystan.kz.

Динара Ахметова ғаламторда «Динара келін» деген атпен енді танымал болып келе жатқан белсенді желі қолданушысы. Оның кезекті әрекеті Instagram желісінде біраз талқыланды.

«Балалардың бәрі сабақта. Мишонға қарайтын адам жоқ. Бие сауынға бару үшін, байлап кеткелі жатырмыз. Бірнәрсеге ұрынып қалғаннан гөрі, байлап кеткеніміз дұрыс шығар. Біз бие сауып болғанша отыра тұрады. Осынымыз дұрыс па, бұрыс па?», - деп оқырмандарына сауал жолдады Динара Ахметова.

Оның бұл әрекетін сақтық ретінде қабылдаған желі қолданушыларының көбі қолдаған. Олардың арасында бұл әрекетті сынағандар да бар.

Заманауи әйелдер көрмесін. Шаштары тік тұратын шығар», «Ат теуіп, бәлеге ұрынғаннан сақтық үшін осылай байлап қойған жақсы», «Бала күнімде мен де осылай байланыс өстім. Қазір менен еркін, азат ешкім жоқ. Әлем кезіп жүрмін», «Томпиып отырған баладан айналайын», «Әбден байлауға үйреніп қалған бала екен», «Неге байлайсыздар? Бала еркін өссін де», деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары