Қарағандыда жас жігіт пәтерге түсіп, қымбат алтын әшекейлерді ұрлап кеткен

/
Қарағандыда жас жігіт пәтерге түсіп, қымбат алтын әшекейлерді ұрлап кеткен
polisia.kz

Қарағандыда белгісіз біреу қала тұрғынының үйіне заңсыз кіріп, құны 490 мың теңге болатын алтын әшекейлерді ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер де, бейнебақылау жазбалары да болмаған, бұл тергеу барысын едәуір күрделендірген.

Дегенмен іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті. Ол - 31 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында оның бұл қылмысты алдын ала жоспарлап, бөтен үйге еш қиындықсыз кіргені белгілі болды. Күдікті басқа ауданнан келіп, пәтерді нысанаға алған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заттай дәлелдемелер алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары