Ғалымдар "бас бармақ" эмодзиі көп жағдайда енді қолдау емес, пассив агрессия немесе сарказм ретінде қабылданатынын айтады. Бұл, әсіресе, жұмыс чаттарына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz dailymail.co.uk-ге сілтеме жасап.
30 жастан асқан әріптестер бұл эмодзиді әдетте хабарламаны жұмсарту, сыпайылық таныту үшін қолданады. Ал зумерлер, яғни жас буын өкілдері, оны суық немесе ренішті «жарайды» деген астармен қабылдайды.
– Бұл – жай ғана эмодзи емес, тұтас мәдени код. Біреулер үшін сыпайылық, басқалар үшін жасырын реніштің белгісі, – дейді цифрлық коммуникация мамандары.
Кеңес: жұмыс барысында хат алмасқан кезде тіпті ең қарапайым белгілердің өзіне мұқият болу керек.