Жансақтау бөлімінде жатыр: Ақтауда 2 жасөспірімді көлік қағып кетті

/
Жансақтау бөлімінде жатыр: Ақтауда 2 жасөспірімді көлік қағып кетті
скриншот

14 мамырда Шығыс-2 және Шығыс-3 шағын аудандары арасындағы жол учаскесінде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Екі жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

«Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан екі жасөспірімді қағып кеткен. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

«2013 және 2014 жылы туған балалар бас-сүйек-ми жарақаттарын алған. Жағдайлары ауыр. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, қажетті көмекті көрсетуде», – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары