Ақтөбеде қабан атқан азамат сотталды

/
Ақтөбеде қабан атқан азамат сотталды
istockphoto.com

Мәртөк ауданының тұрғыны 2024 жылдың қыркүйек айында Қаратоғай ауылының маңында еркек қабанды атып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша ол жануарлар дүниесіне 1 384 500 теңге  мөлшерінде елеулі залал келтірген. Оның қабан атуға рұқсат қағазы болмаған.

Ол сотта өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініп, келтірген залалды өтеді.

Сот үкімімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға аңшылықпен айналысу құқығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары