«Төрт баланың анасысың ғой»: Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға ұшырады

/
«Төрт баланың анасысың ғой»: Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға ұшырады
Әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа киінемін деп сынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған. Оның бұл киіміне желі қолданушылары бірден тап беріп, сынға алды.

«Осылай қысқа киінуге арыңыз қалай жібереді?», «Еп-ерсі енді осы жерің. Төрт баланың анасысың ғой, етегіңді ұзартсаңшы», «Кішкене ұят сияқты, артты ашып жүрген. Негізі қарапайымдылық болған жақсы сияқты», - деп жазды желі қолданушылары.

Әншінің әйелі жұрттың бұл сынын назардан тыс қалдырмай, бірден жауап берді.

«Ар деген ұғымның пәлсапасын киім үлгісімен өлшейтін болсаңыз, қиын болыпты. Төрт бала тудым деп өз-өзіме үкім шығаратын ол мен емес. Уау, адамның қарапайымдылығын киімге қарап өлшейсіз бе? Қандай көп едіңіздер.

Қой, осы жерден тоқтайық. Әжептәуір тістен бастаған әңгімемді мына жақтағылар астыға түсіріп жіберіпті. Белден төмен тақырыпқа жоламайық. Әйтпесе шынымен де ұят болады!» - деп Жұлдыз Әбдікәрімова жауап қайтарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары