Қазгидромет бүгін қай өңірде аптап ыстық болатынын жариялады

/
Қазгидромет бүгін қай өңірде аптап ыстық болатынын жариялады
istockphoto

Синоптиктер ертең, 14 мамырда кей өңірлерде аптап ыстық болатынын болжап, ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсе жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус аптап ыстық болады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталалады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14-16 мамырда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 14-16 мамырда облыстын солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 15 мамырда күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының

таулы аудандарында найзағай күтіледі. 14-16 мамырда күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары