Қызылордалық келін енесін сотқа берді

/
Қызылордалық келін енесін сотқа берді
istockphoto

Қызылорда облысында келіні енесінің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты хабарлады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазалы аудандық сотында азаматша Ұ.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта А. есімді әйел келіні Ұ.-ны сыйламай, бейәдеп сөйлеп, үй тыныштығын бұзғаны анықталған.

"Сотта жәбірленуші енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

Ұ.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған", - делінген сот хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары