«Үстелі лас, бренд таққаныңды қайтейін»: Ерке Есмаханды оқырмандары сынап тастады

/
«Үстелі лас, бренд таққаныңды қайтейін»: Ерке Есмаханды оқырмандары сынап тастады
коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Ерке Есмахан кіші ұлының тамақ ішіп отырған сәтін жариялап, оқырманынан оңбай сөз естіді, деп хабарлады turkystan.kz.

Желі қолданушысы әншіге «Балаңның үстелі лас, бренд таққаныңды қайтейін» деп хабарлама қалдырған. Өнер иесі оған «Құдай ай, менің брендтерімді осы жұрт неге түгелдегіш екен? Кез келген жерге сөз етіп», — деп жауап берді.

Кейбір оқырмандары әншіні қолдаса, ал тағы бір оқырманы «киімі қалың» деп әншіні сынады. Оны да Ерке Есмахан жауапсыз қалдырмады.

«Таңғы салқын бар, кафеде желдеткіш қосылып тұр. Сондықтан кофта киім киіп отыр. Мен дайрект оқымай жүрмін екен ғой. Логика жоқ адамдар көп екен. Күшті жұмыс тауып бердіңіздер маған», — деді Ерке Есмахан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары