«Балуан Шолақ мақтанар еді: Жас дзюдошы Балқадиша әнін айтып қазнетті шулатты». Желіде дәл осындай мәтінмен жас спортшының тамылжыта ән айтқан видеосы кеңінен таралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Жаттығу залындағы үзіліс кезінде «Балқадиша» әнін айтқан жас спортшы дзюдомен айналысады.
Көпшілік «Олимпиада чемпионы атанып, біздің әнұранды өз дауысыңмен шырқа» деп пікір жазуда. Сонымен қатар оны әрі ақын әрі балуан болған Балуан Шолақтың ізбасары деп айтуда.