iPhone 20%-ға қымбаттауы мүмкін: Бұл өзгеріс бүкіл әлемге әсер етеді

/
iPhone 20%-ға қымбаттауы мүмкін: Бұл өзгеріс бүкіл әлемге әсер етеді
сурет: istockphoto.com

Apple компаниясы жаңа iPhone 17-нің бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Бұл өзгеріс тек АҚШ-қа ғана емес, бүкіл әлемге әсер етеді. Бұл туралы WSJ жазды. 

Компания мұның себебін жаңа инновациялармен байланыстырды. Бейресми себеп – АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп енгізген 20% көлеміндегі импорттық тарифтер. Apple бұл мәселеде саясатқа араласқысы келмейді, сондықтан бағаның өсуін «жаңартылған дизайн, бұрынғыдан да жіңішке және қуаты артқан» деп түсіндіреді.

Қолданыстағы тарифтерді ескерсек, iPhone 17 Pro моделі 999 доллардан 1 198 долларға дейін, яғни шамамен 20%-ға қымбаттауы мүмкін. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары