Ақмола облысында жол апатына түскен полиция қызметкері қайтыс болды

/
Ақмола облысында жол апатына түскен полиция қызметкері қайтыс болды
Ақмола облысы Полиция департаменті

3 қарашада "Астана – Петропавл" тасжолында қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жол апатына түсіп, зардап шеккен полиция қызметкері ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкері Данияр Таевжол жөндеу жұмыстарына тартылған арнайы техниканы алып жүріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

"Алдын ала мәлімет бойынша, JAC автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүріп жатыр.

"Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана – Петропавл тасжолында апат болып, полиция қызметкері комаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар