«Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңгеден асты» - Ұлттық статистика бюросы

/
«Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңгеден асты» - Ұлттық статистика бюросы
istockphoto

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы I тоқсандағы жалақы көлемін атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық бюро мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақының орташа деңгейі) 300 307 теңге болды. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 10,7% артық.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% саласында байқалды. Сонымен қатар Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында 19,4%, Қостанай облысында 14,6%, Алматы қаласында 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары