The Economist: Нағыз жоғалған ұрпақ – 40-тан асқандардың буыны

/
The Economist: Нағыз жоғалған ұрпақ – 40-тан асқандардың буыны
cурет: istockphoto.com

Британдық The Economist басылымының зерттеуіне сүйенсек, қазіргі қоғамдағы нағыз жоғалған ұрпақ зумерлер емес, 40-тан асқан ересектер, яғни 1965–1980 жылдары туғандар.

30 елде жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, дәл осы буын өзін ең бақытсыз сезінетінін көрсеткен. Себебі түсінікті: олар 90-жылдардағы экономикалық дағдарысты, 2008 жылғы қаржы күйреуін, COVID-19 пандемиясын, инфляция мен қымбаттаған ипотеканы бастан өткерді. Ал қазір олар ересек, бірақ әлі де ата-анасының үйінде тұратын балаларымен әлек.

The Economist жазуынша, егер қазіргі заманда біреуге жанашырлық білдіру керек болса, дәл осы буынға қарау керек. Олар қиындықтпен күресіп қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін де жауапкершілік арқалап жүр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары