Жаңа айыппұл: Turkish Airlines ұшақ тоқтамай жатып орнынан тұрғандарды жауапқа тартпақ

/
Жаңа айыппұл: Turkish Airlines ұшақ тоқтамай жатып орнынан тұрғандарды жауапқа тартпақ
сурет: istockphoto.com

Turkish Airlines әуе компаниясы жолаушылар тәртібін күшейтуді қолға алды. Енді ұшақ толық тоқтамай жатып орнынан тұратын жолаушылар авиадебоширлермен теңестіріліп, айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Компания бұл шараны жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіп отыр. Ұшақ жерге қонғаннан кейін толық тоқтамай орыннан тұру тек этикалық емес, сонымен қатар қауіпті де әрекет саналады.

Turkish Airlines енді мұндай тәртіп бұзуға төзбеу қажет екенін айтады. Осылайша, орындықта соңына дейін отыру енді тек қауіпсіздік шарасы емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді шешімге айналып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары