Ақмолада 12 жастағы бала доп ойнап жүріп ауруханаға түсті

/
Ақмолада 12 жастағы бала доп ойнап жүріп ауруханаға түсті
istockphoto

Ақмола облысының Атбасар қаласында қатты жел тұрып, доп ойнап жүрген бала футбол алаңының жасанды төсенішіне бастырылып қалған, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Атбасар ауданының әкімдігі қатты жел кесірінен шағын аудандағы футбол алаңының жасанды төсенішін жел қопарғанын мәлім етті.

"Алаңда 17.11.2013 жылы туған бала ойнап жүрген. Жасанды төсеніштің бір бөлігі оны басып қалған. Ол бірден аудандық аурухана жеткізілді. Денесінде жарақаттар бар, жағдайы тұрақты. Травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында жатыр", — деп мәлім етті әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдері аяқтың астында жату керек төсеніш неге желге төтеп бермегенін түсіндірді.

"Әуел баста жоспарымыз бойынша ол жерде қарапайым ойын алаңы түсу керек болған. Жаңа мердігер алаңды жақсылап жабдықтап, толықтай жасанды төсеніш салып шыққан. Бәлкім ойыннан жабынның шеті мүжілген шығар, соның салдарынан жел көтеріп кетсе керек. Құрылыс бөлімі ойын алаңын қалпына келтіреді", — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары