ТЖМ құтқарушылары 3000 метр биіктікте іздеу жұмысын жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін 2005 жылы туған бозбала Алматы облысы Талғар ауданының тауларынан түсіп, жолдан адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
“ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы шақырту түскеннен кейін дереу ТЖМ басшысының тапсырмасы бойынша жақында ашылған "Медеу" бекетінен шығып, Кимасар шатқалындағы көпірге жетіп, одан әрі биіктігі 3053 м болатын Фурманов шыңына қарай жаяу жүрді. Қатты жаңбыр, қалың тұман және шектеулі көрініс түрінде болған ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар туристті тауып, оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, елді мекенге жеткізді. Өтініш беруші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ”, - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.