Алматыда Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде – үш күн бойы жанды музыка және ардагерлерге алғыс айту шаралары өтеді.
9 мамыр күні 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы
• 09:30 – Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі
• Ардагерлерге арналған арнайы бағдарлама және дала асханасы
• 09:45–21:00 – Бас сахнада үздіксіз концерттер
Бағдарламада: AlJazz Symphony оркестрі, вокалдық және этно-ансамбльдер, әскери әндер, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздары – Төлеген Рахымбаев, Венера Алпысбаева, Олег Татамиров, Алексей Тимофеев, Толқын Забирова және т.б.
• 19:00 – Көктөбе телемұнарасында мультимедиялық құттықтау
• 19:00-21:00 – Кешкі концерт: Il Canto, La Bella, «Алатау серілері», «Жұмыр қылыш» ансамбльдері, «Арқайым» дуэті және т.б.
10 мамыр, 11:00-15:00
Даңқ ескерткішінің жанында «Сазген сазы», этно-топтар, театр және эстрада артистері ән салады.
11 мамыр, 12:00-ден бастап
Бұл күні «Ешкім ұмытылмайды, ешнәрсе ұмытылмайды!», халық ансамбльдері, дуэттер және сүйікті артистер өнер көрсетеді.