Майдан хаттары сексен жылдан соң жарияға шықты

/
Майдан хаттары сексен жылдан соң жарияға шықты

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше рухани іс-шара – «Хат жаздым қалам алып қан майданнан» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

­Аталған жинақта қазақ жауынгер­лері­нің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бора­ған оқтың ортасынан, қан майданнан жаз­ған, жүрек тебірентер, осы күнге дейін еш жерде жарияланбаған хаттары топ­тас­ты­рылған. Университеттің бастамасымен, ар­хивтік ізденістер нәтижесінде табылған бұл хаттар ел тарихының елеусіз қалған бет­терін қайта тірілтті. Жинақта Бауыржан Мо­мышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Әзілхан Нұршайықов, Әлия Молдағұлова сынды бел­гілі тұлғалармен қатар, есімдері бей­мәлім 130-ға жуық қазақ жауынгерінің ли­рикалық, сәлем, өлең және әнмен өрілген хат­тары енгізілген. Осынау майдан хаттары сек­сен жылдан соң жеке жинақ болып, жа­рияға шығып отыр.

Бейбіт күннің қадірін жете түсіну үшін соғыстың шынайы бет-бейнесін боямасыз қа­былдап, майдангердің көзімен көре білу ке­рек. Осынау сұрапыл жылдардан елес бе­ретін еңбектің бұл – бірінші томы. Ал­дағы уақытта екінші томда қан майданнан жол­данған басқа да майдангерлердің хат­тары оқырман назарына ұсынылмақ.

– Алғашында университеттің қар­жы­лық мүмкіндігіне орай аз ғана тиражбен шы­ғарамыз. Бірақ біз мұны баспаларға ұсы­намыз. Баспалар қызығушылық таны­тып, әрі қарай тиражын көбейтіп, бұл кі­тап­ты таратуға әзір екенін білдіріп отыр. Со­нымен бірге кітаптың электронды нұс­қалары бар. Еліміздегі барлық кітап­хан­а­лар­ға, жоғары оқу орындарына электронды нұс­қасын тегін ұсынып таратамыз, – дейді кі­таптың жалпы редакциясын басқарған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Тағылымы мол таныстырылымның тіз­гінін осы университеттің Журналистика жә­не әлеуметтік ғылымдар факультетінің де­каны, жазушы Нұржан Қуантайұлы ұс­тап, іс-шараны Мемлекет және қоғам қай­раткері, профессор Қуаныш Сұлтанов ашып, майдан хаттарының тарихи маңыз­дылығына тоқталды. Мемлекеттік сый­лықтың иегері, жазушы Сауытбек Әбдірах­манов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ғалым Жайлыбай, Парламент депу­таттары Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан, бел­гілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Дар­хан Мыңбай, Кәрімбек Құрманалиев жи­нақтың құндылығын атап өтіп, уни­верситет басшылығына алғыс білдірді.

Гүлжазира ЕРТАСОВА,

Л.Гумилев атындағы
ЕҰУ-дің аға оқытушысы

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары