Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Наманган (Өзбекстан) қаласында өткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды.
Топтық жарыста жеңісті Әлішер Жұмақан жеңіп алды. Осы жарыс түрінде Владислав Скибин екінші орынға ие болды.
Командалық спринтте Кирилл Курдиди, Данияр Шаяхметов және Мұхтар Рамазан бірінші орынмен мәреге жетті. Дмитрий Резанов, Андрей Чугай және Виктор Голов қола жүлдені еншіледі.
Командалық із кесу жарысында Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Максим Хорошавин және Илья Карабутов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.