Үндістанда жолбарыс 20 жастағы қыздың өліміне себепші болды

/
Үндістанда жолбарыс 20 жастағы қыздың өліміне себепші болды

Үндістанда Пайал Чаван есімді бойжеткен жолбарыстың құрбаны болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қыз үй жануарларына шөп жинап жүрген сәтінде жыртқыштың жемтігіне айналған.

Бұл туралы The Times of India мәлімдеді.

Жолбарыс өз жемтігін сүйреп әкетпек болған сәтте, Пайалдың айқайын естіген туыстары көмекке жетіп, жыртқышты үркітіп жіберген. Жолбарыс қансыраған қызды тастап, ағаштардың арасына тығылып қалған.

Зардап шеккен бойжеткен шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қыз өте көп қан жоғалтқан.

Орман шаруашылығы департаментінің өкілдері бұл өңірде жолбарыстардың жиі кездесетінін айтады. Мұнда су көздерінің көптігі мен егістік алқаптарының болуы оларға тіршілік етуге және жасырынуға қолайлы жағдай жасайды.

Қайғылы оқиғадан кейін мекеме мамандары оқиға орнына барып, жағдайды бағалап, жыртқыш аңдарға арналған тұзақтар орната бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары