Оралда ер адамның мәйіті табылды

/
Оралда ер адамның мәйіті табылды
istockphoto

Орал қаласында гараж отқа оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.

БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды. 

Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары