Әйгілі режиссер Стивен Спилберг адамзат тарихындағы ең үздік кино деп Фрэнсис Форд Копполаның «Өкіл әке» туындысын атады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Копполаға Америка киноөнері институтының марапатын табыстау кешінде сөз алған Спилберг оның «америкалық киноның канонын» өзгерткенін және көп киногерге тың серпіліс бергенін айрықша атап өтті.
Аталған марапаттау кешінде «Жұлдызды ойындар» туындысының авторлары Жорж Лукас пен актерлер Роберт Де Ниро мен Аль Пачино да отырды.
«Жас кезімізде ата-анамыздың бізді мойындағанын қалаймыз, кейін достарымыздың, сосын әріптестеріміздің, содан соң, қатарластарымыздың бізді мойындағанын қалаймыз. Алайда, сэр, сізге тең келер ешкім жоқ. Сіз америкалық киноның канонын өзгертіп, киногерлер ұрпағына тың серпіліс бердіңіз. Олар өз жұмыстарын сіздің мойындағаныңызды қалайды. Мен де әрдайым жұмысымды сіз мақтан етсін деп барынша сапалы істеуге тырысамын», – деді режиссер марапаттау кезінде.