Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,8 пайызға арзандап, барреліне 60 долларға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
WTI маркалы мұнай бағасы 2,2 пайызға арзандап, 56,88 долларға түсті.
Кеше, 30 сәуірде бір баррель мұнай бағасы 63,69 доллар тұрған.
Мұнай бағасы АҚШ-тың Иран мұнайына қарсы санкцияларын кеңейтуі себепті түсіп жатыр. Санкция Иран мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерін сататын жеті ұйымға салынған. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдарынан мұнайға сұраныс төмендеуі мүмкін екенін айтады.