1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

/
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Фото: Алматы әкімдігі (Gov.kz)

Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің басты басымдықтарының бірі Қазақстан халқының дінаралық және ұлтаралық бірлігін сақтау болды. Осы мақсатта 1995 жылғы 18 қазанда 1 мамыр ҚР халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл күн 1996 жылдан бастап аталып өтіледі, деп жазды turkystan.kz.

Халық бірлігі – толеранттылық пен мәдениетаралық қатынасқа негізделген қуатты да берекелі мемлекеттің негізі. Қазір Қазақстанда 120-дан астам этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. 

Еліміз бейбітшілік пен келісім арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың тұғырын бекіту - Қазақстанның әрбір азаматының басты міндеті.

Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздің әрбір отбасында жылулықпен атап өтілетін жарқын көктем мерекесі.

Мерекеге Қазақстан халқын басқа этностардың дәстүрлерімен таныстыру үшін этномәдени бірлестіктердің қатысуы зор маңызға ие.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары