«Сантехник болған»: Атыраулық жүкті әйелді өлтірген күдіктінің суреті жарияланды (ВИДЕО)

/
«Сантехник болған»: Атыраулық жүкті әйелді өлтірген күдіктінің суреті жарияланды (ВИДЕО)
Коллаж: Turkystan.kz

Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде  жүкті әйелді өлтіріп, бағалы заттарын ұрлап кеткен қаскөйдің суреті желіде жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау қаласының блогері Рүстем Баязиев өз Instagram-дағы парақшасында күдіктінің суретін көрсетті.

Оның айтуынша, күдікті қаза тапқан әйел тұрған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Үйіне кіріп, зорлап, кейін өлтіріп, құнды заттарын тонап кеткен.

Айта кетейік, марқұм келіншек NCOC қызметкері екені анықталған болатын. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.

Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда жүкті әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары