АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы есірткі заттары келген. Ол заттар тұрмыстық өнім түрінде жасырылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазпошта» АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге алдырғаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды.