Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517- бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 5 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оларды Жалағаш кенті орталығында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген жерлерінен полиция қызметкерлері ұстаған.
Олар тіркеусіз, еңбек етуге рұқсат қағазынсыз жұмыс істеген.
Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын мойындаған, олардың әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген.
Сот қаулысымен аталған азаматтар ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.