Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігінің меншігіне өтеді

/
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігінің меншігіне өтеді
Ашық дереккөзден

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған тәркіленген элиталық қонақ үй әлеуметтік мақсатта қолданылатын болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің мәліметінше, 2025 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданындағы Ерейментау көшесінде орналасқан тұрғын үйді электронды сауда арқылы сату туралы хабарлама жарияланған. Бастапқы баға 1 миллиард 60 миллион теңге болып белгіленген еді.

Алайда Астана әкімдігі нысанды қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне пайдалану үшін алуға ресми өтініш түсірген. Әлеуметтік маңыздылығын және заң талаптарын ескере отырып, нысан электронды сауда жоспарына енгізілмеген.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл үйді одан әрі пайдалану жергілікті атқарушы органның сұранысына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асатын болады.

Айта кетейік, аталған элиталық қонақ үй биылғы ақпан, наурыз және сәуір айларында бірнеше рет аукционға қойылған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары