Президент академик Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

/
Президент академик Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туысына көңіл айтты.

– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары