Қазақтың 80 күйін білетін орыс бала көпті тәнті етті (ВИДЕО)

/
Қазақтың 80 күйін білетін орыс бала көпті тәнті етті (ВИДЕО)
скриншот

Көкшетаулық Юрий Кочетыгов қазақтың 80-ге жуық күйін біледі, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Ол Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Секен Тұрысбековтың сынды күйшілердің туындыларын нақышына келтіре орындайды. Өнерлі өрен мемлекеттік тілде де мүдірмей сөйлейді. Көптеген халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып жүр.

Телеарнаның ақпаратынша, қазір Юрийдің репертуарында осындай рухты күйлер өте көп. Өнерге қатты қызыққан өнерпазды 10 жасында ата-анасы музыкалық мектепке әкеледі. Сол кезде түрлі аспаптардың ішінен орыс баласы қазақтың домбырасын таңдайды.

«Домбыра мені өзінің үнімен, өзінің зор дыбысымен қызықтырды. Енді білмеймін, өзіме қатты ұнады осы аспап. Юрий – кәсіби күйші. Олай деуге толық негіз бар. Өйткені ол музыкалық мектепті тәмәмдағасын бірден Біржан сал атындағы музыкалық колледжде домбырашы мамандығын меңгерген. Ал, оның ұлттық аспапқа деген махабаты үйдегі қарындасына да әсер еткен. Қазір ол да ағасының жолын қуып, домбырада ойнайды.

Біздің отбасы сондай өнерлі отбасы. Менің Злата атты қарындасым бар. Ол да мен сияқты №3 қазақ мектебіне барды. Сосын музыкалық мектепке барып, домбырға түскен. Қазір жас күйші шаһардағы мәдениет ошақтарының бірінде қызмет етеді. Юрийдің бойындағы өнер мен домбыраға деген құрметін әріптестері де жоғары бағалайды», - дед күйші Юрий Кочетыгов.

Юрийдің басты арманы – қазақтың домбырысын әлемдік аренада ойнап, баршаға паш ету. Ол келешекте өзінің жеке музыкалық мектебін ашуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары