Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.
Шешуші жарыс күні Қазақстан командасы топтық сында 5 лента жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай мен Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.
Финал нәтижесі:
1. Қытай – 24.55 балл
2. Польша – 23.00
3. Қазақстан – 22.20
Жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуының финалында 4-сатыға жайғасты.