Қарасай ауданында 7 мың қорап пиротехника тәркіленді

/
Қарасай ауданында 7 мың қорап пиротехника тәркіленді
istockphoto.com

Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен рұқсат құжаттары жоқ, заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдар табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталған құқық бұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған.

Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары