Батыс Қазақстанда ана мен бала жоғалып кеткен

/
Батыс Қазақстанда ана мен бала жоғалып кеткен
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында түнгі уақытта жоғалып кеткен ана мен бала дрон арқылы табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 43 жастағы әйел адам 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұраған. 

"Іздеу жұмысы тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді", - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары