«Сабақ болды»: блогер Daricorn буллингке ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады

/
«Сабақ болды»: блогер Daricorn буллингке ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады
Видеодан скриншот

Атышулы блогер Дариға Нұркеева (лақап аты – Daricorn) өзінің видеосынан кейін буллингке ұшыраған баланың анасымен кездесіп, олардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің жағдайымызды білесіздер. Біз отырып, сөйлесіп, бәрін шешіп жатырмыз. Біздің арамызда үлкен түсініспеушіліктер, реніштер, біз жақтан кеткен үлкен қателік болды. Ольга, отбасымыздың атынан кешірім сұраймыз», - деді Дариға Нұркееваның күйеуі Дархан Жолшыбеков.

Өз кезегінде Дариға Нұркеева да баланың анасынан кешірім сұрады.

«Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық, түсініспеушіліктерімізді шештік. Тағы да бәріңіздің алдыңызда кешірім сұрағым келеді. Кішкентай баланы ата-анасының рұқсатынсыз түсіруге болмайтыны мен үшін және бүкіл Қазақстан үшін сабақ болды. Бүкіл жауапкершілікті мойнымызға аламыз», - деді Дариға Нұркеева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары