Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлын «анасының баласы» деп сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер бұл сөздің ұлына 20 жыл бойы айтылып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай пікірлер Қайраттың анасына деген құрметін сынауға бағытталған.
«Мамасының баласы! Бұл мысқыл 20 жыл не үшін айтылды? Әрине, құздан құлату, қара ниетпен миын улау. Қай мықтыңды қарасаң да, анасын құрметтеңдер! Себебі ана жүрегі, ана дұғасы – сенің қалқаның!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.