Jibek Joly арнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына Филиппиннен келген туристті тәнті еткен оқушы Нұржол Сатыбалды эксклюзив сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ағылшын тілін шетелге шыққанда үйрену керектігін түсіндім. Сосын Алматыға келіп, «Көк базардағы» туристтерден үйрендім. Мен түскен видео таралып кеткенін кеше кешке білдім. Ол біздің дүкенге кәдесыйлар сатып алу үшін келді», - деді ол.
Айта кетейік, филиппиндік Серджио есімді турист Алматыдағы көрікті жерлерге барып, қаланың тыныс-тіршілігін көріп, тұрғындармен тілдеседі.
Желі қолданушыларын сүйсінткен патриот оқушы журналистерге сұхбат берді (ВИДЕО)
