Америкалық психолог түс жорығанда иттің күйіне назар аудару керек дейді.
Егер түсіңізде құтырған итті көрсеңіз, бұл – белді бекем буу қажеттігін білдіреді. Дұшпандарыңыз аяғыңыздан шалып, ауру меңдеуі мүмкін.
Егер өзіңізге еркелеп тұрған итті көрсеңіз жетістікке жетуіңіз мүмкін. Адал достар табасыз.
Егер әйел адам итпен қыдырып жүрсе өмірлік серігін жолықтыруы мүмкін.
Егер түсіңізде ит сізді соңыңыздан қуып келе жатса проблемаларға тап болуыңыз мүмкін.
Егер түсіңізде аңшы итті көрсеңіз сәттілікке кез келесіз.
Егер түсіңізде ит сізді қауып алса сүйікті адамыңызбен, жұмыстағы әріптестеріңізбен қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін.
Егер түсіңізде ит үріп тұрса жаман хабар аласыз.
Егер түсіңізде ақ ит көрсеңіз жақын адамыңыздан көмек келуі мүмкін немесе көптен бері көрмеген танысыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.
Егер түсіңізде қаңғыбас ит көрсеңіз жақын досыңыз қиын жағдайға тап болған болуы мүмкін.
Егер түсіңізде үлкен ит көрсеңіз жаңа адаммен танысып, адал достарға айналуларыңыз мүмкін.
Егер түсіңізде қансырап немесе өлейін деп жатқан ит көрсеңіз айналаңызда біреу дертке душар болуы немесе жазым болуы мүмкін.
Егер түсіңізде сізді күзетіп тұрған итті көрсеңіз, бұл – жоғары күштердің сізді қорғап тұрғанының белгісі.
Егер түсіңізде итті өлтірсеңіз, жамандықты жеңесіз.
Түсіңізге мысық кірсе қалай жоримыз?
Егер әйел адам түсінде ақ мысық көрсе қақпанға түсуі мүмкін.
Егер түсіңізде мысықтың күшіктерін көрсеңіз бір айналдырса шыр айналдыратын проблемаларға тап болуыңыз мүмкін.
Егер түсіңізде кір-қожалақ, лас мысық көрсеңіз, сізді алдап кетуі мүмкін.
Егер түсіңізде мысықтың күшігін өлтірсеңіз, өмірде проблеманы жеңесіз.
Егер түсіңізде мысықты қуып жіберсеңіз, проблемаңыз бірге кетеді.
Егер мысық кетпей қойса, онда алдыңызда жау тұр.