Минералды су денсаулыққа пайдалы ма?

/
Минералды су денсаулыққа пайдалы ма?
istockphoto.com

Минералды су – адам аяғы тимеген табиғи жерлерден алынған жер асты суы. Яғни краннан, су қоймасынан емес, тікелей ұңғыма арқылы жер астынан алған су.

Құрамындағы биологиялық белсенді компоненттеріне қарай минералды су көп түрге бөлінеді. Ал бұл сулардың шын мәнінде қандай пайдасы бар?

Минералды су иммунды жүйені нығайтады, ағзада жиналған токсиндерді шығаруға көмектеседі, зат алмасуды жақсартады, семіздікті емдейді, асқазан – ішек жолы ауруларының алдын алады, теріні жақсартады.

Сондай-ақ мамандар минералды суды асқазан – ішек жолына жасалған отадан кейін және қант диабеті мен семіздікке, несеп жолдары ауырғанда, анемияға шалдыққан кезде ішуге кеңес береді.

Құрамында магний-сульфат бар минералды су іш қатқанда жұмсартуы мүмкін. Құрамында газы бар да, газы жоқ та минералды су ішек моторикасын жақсартады.

Сондай-ақ минералды су ағзасында кальций мен магний жетіспейтіндердің қан қысымын төмендетеді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары