Қыруар ақша ұсынады: Microsoft жұмыс істей алмайтын қызметкерлерден құтылудың жаңа әдісін тапты

/
Қыруар ақша ұсынады: Microsoft жұмыс істей алмайтын қызметкерлерден құтылудың жаңа әдісін тапты
сурет: istockphoto.com

Microsoft компаниясында жаңа тәжірибе енгізілді. Енді "нәтижелі жұмыс істей алмайтын қызметкерлер" тізіміне енгендерге екі таңдау ұсынылады: 4 айлық жалақыны алып, өз еркімен жұмыстан кету немесе арнайы тиімділікті арттыратын курстардан өту. Бұл туралы businessinsider жазды. 

Бұл – әзіл емес, нақты бастама. Компания басшылығының айтуынша, мақсат – команданың өнімділігін жақсарту және қызметкерлерге өз даму жолын таңдауға мүмкіндік беру.

Мұндай тәсіл қызметкерлердің корпоративтік мәдениетке деген сенімін нығайтады әрі ашықтықты қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары