Ұлыбританияда дәрігерлер 12 түрлі қатерлі ісікті симптомдары пайда болмай тұрып анықтай алатын қан талдауының инновациялық әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс 20 мың адамға сынақ ретінде қолданылып, 99% дәлдік көрсеткен.
"Бар болғаны 10 тамшы қан жеткілікті. Арнайы алгоритм қатерлі ісікті ғана емес, оның ағзаның қай бөлігінде орналасқанын да көрсетеді", – дейді зерттеуге қатысқан мамандар.
Мамандардың айтуынша, бұл технология кеңінен қолданысқа енсе, онкологиялық тексеруден өту холестеринге қан тапсыру сияқты қарапайым процеске айналуы мүмкін.